- Сәлем!
- Сәлем!
- Бота, мені отбасыңмен таныстыршы.
- Біздің отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, анам және екі інім. Сенің ше?
- Біздің отбасымызда алты адам бар.
- Сенің ағаң бар ма?
- Жоқ, менің ағам жоқ.
- Әкең мен анаңның мамандығы қандай?
- Әкем дәрігер, анам мұғалім.
- Менің де анам мұғалім. Анаңның жасы нешеде?
- Анамның жасы отыз бірде. Сенің анаңның жасы нешеде?
- Менің анамның жасы қырық екіде.
- Сау бол!
- Көріскенше!