Жанар осы жылы 11 сыныпты аяқтайды. Содан ол университетте оқитын әпкесі Айжаннан студент болу қалай екенін сұрады:
-Айжан әпке, сіздің заңгер мамандығында оқып жатқаныңызға үш жыл болды, заңгер мамандығында оқу қиын ба?
-Иә, себебі уақытыңның көп бөлігі заң жаттаумен өтеді, әрі дәрістер де қиын, оқытушылар көп тапсырма береді. Ал сен қандай мамандық таңдадың?
-Мен қазақ тілі мұғалімі болғым келеді. Алайда қай қалада оқитынымды білмеймін. Сізге Астана қаласында оқыған ұнайды ма?
-Астана қаласы маған ұнамайды. Себебі қыста қатты суық, жазда ыстық. Алайда, мен көбіне сабақ оқып, тек жатақханада боламын.
-Сіздің уиверситетіңізде қанша оқытушы бар?
-Менің университетімде 700 оқытушы бар. Көп оқытушылар шетелден келген. Мысалы менің ректорым Англиядан келген, бірақ қазақша өте жақсы сөйлейді.
-Тамаша, студенттер бос уақытындаа немен айналысады?
-Студенттер кітапханаға барып сабақ оқиды, кулбтарға қатысады, ертеңгі дәрістеріне дайындалады.
-Керемет, тезірек студент болсам екен!