a2 Әлеуметтік желі Әлеуметтік желі

Мәтін: Әлеуметтік желі

Маған әлеуметтік желіде отырған ұнайды. Себебі мен ән айтып, би билегенді жақсы көремін. Өзім айтқан әндерімді видеоға түсіріп, Tik Tok пен Instagram-ға жүктеймін. Менің оқырмандарым маған пікір білдіріп, лайк басады. Менің сегіз мың оқырманым бар. Олар өте белсенді. Біз олармен бірге әртүрлі челлендждер ұйымдастырамыз. Мысалы, күніңді жақсы өткізу үшін таңғы сағат 5-те тұрып жүгіру, немесе өзім жақсы көретіндей ән айту челленджін жасаймыз. Оқырмандар көп болғандықтан жаман да, жақсы да пікір жазатындар бар. Әрине, олардың пікрі мен үшін өте маңызды. Сонымен қатар әлеуметтік желі тек көңіл көтеретін орын ғана емес, ақша тауып, өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысуға үлкен мүмкіндік. Егер сен ән айтуға қызығып, әрі өзіңді дамытқың келсе, маған тіркеліп, менің досым бол!