a2 Сізге өз жұмысыңыз ұнайды ма? Сізге өз жұмысыңыз ұнайды ма?

Мәтін: Сізге өз жұмысыңыз ұнайды ма?

Әсел Алматы қаласында университетте мұғалім болып жұмыс істейді. Оның жұмысы қиын, сондықтан оған өз жұмысы ұнамайды. Әсел аптасына бес күн, сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Әр жұма сайын Әсел жиналысқа қатысады. Жиналыста олар мәселелерді талқылайды. Әсел өзінің әріптестерін қатты жақсы көреді. Алайда оған басшысы ұнамайды, ол жұмысшыларға өте қатал. Әселдің бала күнінен кітап жазуды армандаған. Қазір ол өзінің түйіндемесін жазушылар ұйымына өткізді. Әселге сәттілік тілейміз.

Айгүл қаржыгер болып жұмыс істейді. Оған өзінің мамандығы қатты ұнайды. Ол аптасына алты күн, түскі 1 -ден кешкі 9- ға дейін жұмыс істейді. Айгүл әр аптаның басында жиналыста басшысына есеп тапсырады. Айгүл кейде шаршаса да, оған өз жұмысы ұнайды. Әр айдың соңында ол жалақасын алған соң әріптестерімен бірге мейрамханға барғанды ұнатады.
Ал сен жұмысыңды жақсы көресің бе?