a2 Болашақта немен айналысасың Болашақта немен айналысасың

Мәтін: Болашақта немен айналысасың

Менің атым - Жанар. «Туризм» мамандығының 4-курс студентімін. Бұл – менің армандарым жазылған карта. Менің болашаққа қойған жоспарым өте көп. Университетті қызыл дипломмен бітіргім келеді. Диплом алғаннан кейін Германияға магистратура оқуға барғым келеді. Мен неміс, түрік тілдерін үйреніп жүрмін. Себебі, мен көп тіл үйренуге қызығамын және испан, француз тілдерін үйренуді жоспарлап жүрмін. Ағылшын тілін де дамытамын. Магистратураны
бітіргеннен кейін тұрмысқа шыққым келеді. Болашақта екі ұл, екі қыз баланың анасы болғым келеді. Отбасыммен Египетке, Үндістанға, Дубайға саяхат жасағым келеді. Сонымен қатар өзінің туристік компаниямды ашуды да армандап жүрмін. Қаланың ортасында үлкен, кең әрі жарық үйде тұруды, соңғы маркалы көлік мінуді армандаймын. Мен болашақ армандарымның орындалатынына сенемін.