a2 Қай жеріңіз ауырады? Қай жеріңіз ауырады?

Мәтін: Қай жеріңіз ауырады?

Қызықты ақпарат.
Күнделікті қолданылып жүрген жемістер мен
көкөністердің адам денсаулығына пайдасы өте көп. Бірі
адамның қанын көбейтеді, бірі көзінің көруін жақсартады.
Мынадай қызықты естідіңіз бе? Жаңғақтың түрі адамның миына ұқсайды. Сол себепті жаңғақ миға өте пайдалы.
Сәбіздің кесілген түріне қарасаңыз, ол көзге қатты ұқсайды. Демек, ол көзге пайдалы. Көзіңіз жақсы көру үшін сәбізді көп жеу керек.
Ал кесілген қызанақ жүрекке ұқсайды және ол жүрек жұмысының жақсы болуына қажет. Саңырауқұлақты білесіз бе? Атауы да қызық, иә! Ол біздің құлағымызға ұқсайды. Біле жүріңіз, құлағыңыздың
жақсы естуі үшін саңырауқұлақты көп жеу керек екен. Ал мүлдем ауырмас үшін көп дәрумендер ішіп, дұрыс тамақтануымыз керек. Спортпен шұғылдануды да ұмытпаңыз!