a2 Кеше қандай тағам жедің? Кеше қандай тағам жедің?

Мәтін: Кеше қандай тағам жедің?

Өткен жылы досым Мади екеуміз Батыс Еуропа елдері мен Жапония мемлекетіне саяхаттап әр елдің тағамдарынан дәм татып қайттық. Батыс Еуропа елінде таңғы асқа кофе мен тәтті тоқаш жейді, ал кешкі асқа ерекше көңіл аударады екен. Франция, Австрия және Италияда кешкі асты мейрамханадан ішу әдеті қалыптасқан және кешкі асқа міндетті түрде ет немесе балық жейді.
Ал Жапония мемлекетінің ас мәзірі маған қатты ұнады. Барлық тағамдары денсаулыққа пайдалы. Таңғы асқа күріш, жұмыртқа жесе түскі асқа да күріш, қайнатылған көкөністер, кептірілген балық тағамдарын және сушидің де бірнеше түрін дастарханға қойып қояды. Ал кешкі асқа жеңіл сорпа ұсынады. Тағамдарының дәмі тіл үйіреді. Келесі жылы Жапонияға тағы барғым келеді.