a2 Жол сұрау Жол сұрау

Мәтін: Жол сұрау

Аня Қазақстанға Ресейден оқуға келген. Ол Алматы қаласында орналасқан Медеу мұзайдынына барғасы келді. Жатақханадан шығып автобусқа отырды. Алайда, өзінің адасып кеткенін байқады. Сондықтан ол автобуста отырған қыздан Медеу мұзайдынына қалай бару керектігін сұрады. Ол :
- Сәлеметсіз бе. Маған Медеу мұзайдынына қалай баруға болатынын айтып жібере аласыз ба?
- Иә, әрине. Сізде жол картасының қосымшасы бар ма?
- Иә, бар. Мінекей.
- Жақсы. Қазір “Абай көшесі ” аялдамасынан түсіп, жоғары 200 метрдей жүресіз. Сосын “Абай” көшесінен оңға бұрыласыз. Кейін алдыңыздан Қазақстан қонақ үйі шығады…
- Кешіріңіз, қайталап айта аласыз ба?
- “Абай көшесі” аялдамасынан түсіп, жоғары 200 метрдей жүресіз. Сосын “Абай көшесінен” көшесінен оңға бұрыласыз.
- Содан соң алдымнан қонақ үй шығады ма?
- Иә, сол конақ үй жанында аялдама бар. Сол жерде 12-нөмірлі автобусқа отырасыз.
- Көп рақмет сізге.
- Жолыңыз болсын.