Досым Алматы қаласында туған күнін жасаймын деп хабарласты. Барлық қыздар үшін бірінші сұрақ «не киемін?» . Мен де сол сұрақ бойынша көп ойландым. Басқаларынан ерекше болғым келді. Киім дүкендеріндегі көйлектердің барлығы маған ұнамады. Сол себепті өзіме арнайы көйлек тіктіремін деп шештім. Менің сүйікті түсім қызыл. Етегі қысқа, жеңі ұзын, мойыны жабық көйлек тігуге тапсырыс бердім. Алайда тігінші етегі ұзын, қолы қысқа көйлектердің сәнде екендігін айтты. Маған бұл ұсыныс қатты ұнады. Киім тігу қиын жұмыс екен. Ательеге көйлекті өлшеуге 3 рет шақырды. Менің көп уақытым кетті. Тігінші бір аптаның ішінде өте әдемі көйлек тігіп берді. Сонымен менің туған күнге киетін көйлегім дайын.