Мен жазғы демалысымды Италияда өткізгім келеді. Себебі Италия – саяхат жасауға қолайлы елдің бірі. Италия - Еуропаның оңтүстігінде орналасқан ірі мемлекет. Астанасы - Рим. 60 млн. халқы бар. Италияға барсаңыз, елдің туындағы үш түсті міндетті түрде білу керексіз. Тудағы жасыл түсі - үмітті, ақ - сенімді, қызыл түс - махаббаты білдіреді. Италияға жолыңыз түсе қалса, атақты Колизейді, Венециядағы мұнараны, Флоренциядағы галереяны, Ла-Скала театрын Ватиканды көруді ұмытпаңыз. Италияндықтар бірінші тамаққа шанышқы мен қасыққа орап макарон жесе, екінші тамаққа әртүрлі халықтың тағамдарын жейді. Италия халқы музыка мен театрды ұнатады. Олар біз секілді күн сайын немесе ай сайын билет іздеп жүрмей-ақ, бір жылға бірден сатып алады. Маған бұл мемлекеттің мәдениеті қатты ұнайды.