Әли Алматы қаласында мұғалім мамандығында оқиды. Ол өте білімді. Әли Алматы қаласында аға- жеңгесі, ағасы және қарындасымен бірге тұрады.
Әлидің ағасы Мәди дәрігер, ол өте сабырлы және еңбекқор. Ағасы үйден таңертен ерте шығып, кешке кеш қайтады. Мәдидің жасы қырықта.
Әлидің жеңгесі - Айғаным, оның жасы отыз жетіде. Ол мектепте орыс тілінен сабақ береді. Айғаным - мейірімді, әрі көңілді мұғалім.
Әлидің қарындасы Дана мектепте 8 сыныпта оқиды. Оның ең сүйікті пәндері математика және дене шынықтыру. Ол сабақтан бос уақытында мұзайдында коньки тепкенді жақсы көреді. Дана - өте ақыды қыз.
Әлидің өзінен төрт жас үлкен ағасы бар. Оның аты - Айдар. Айдар заңгер. Оның жасы 25 -те. Айдар демалыс күндерін мұражай мен кітапханада өткізгенді жақсы көреді. Оның мінезі қатал.
Әлидің отбасы тату әрі бақытты. Олар бос уақыттарын отбасымен өткізгенді, бірге табиғат аясында серуендеуді ұнатады.