a2 Мені досыңмен таныстыршы Мені досыңмен таныстыршы

Мәтін: Мені досыңмен таныстыршы

Мерей бір күні жолдан басқа адамның күнделігін тауып алды. Күнделіктің бірінші бетін ашып қарап, күнделікті оқи бастады.

Күнделіктен :
Менің жақын үш досым бар. Олар - Асқар, Марат және Айбек. Марат пен Айбек бірге футболға барады. Ал Асқар менімен бірге бокске барады.
Мысалы, Асқар. Ол сабақты нашар оқиды, үнемі үй жұмысын орындауды ұмытып кетеді. Бірақ бокстан алдыңғы орында. Асқар - өте сабырлы, әрі еңбекқор бала. Бос уақытымызда екеуіміз теледидардан бокс көргенді ұнатамыз. Асқар менің жақын досым.

Екінші досым Марат. Ол өте мейрімді бала. Әрқашанда барлық адамға көмектеседі. Бүгін оның жаяу жүргіншілер жолынан апаға оңай өтуге көмектескенін көрдім.

Менің үшінші досым Айбек. Оған сабақ оқыған ұнамайды. Себебі, ол сәл жалқау, алайда ол әрқашан көңілді жүреді. Маған Айбекпен әңгіме айтқан қатты ұнайды.

Мерей күнделігті оқып болғаннан кейін, бұл Саматтың күнделігі екенін түсінді.