a2 Сүйікті ісіңіз қандай? Сүйікті ісіңіз қандай?

Мәтін: Сүйікті ісіңіз қандай?

Жанат , Әли және Арман - жақын достар. Олар бір университетте оқиды. Жанат суда жүзгенді жақсы көрседі. Әли бокспен айналысады, Арман шаңғы тебеді.

Жанаттың ең сүйікті спорты- суда жүзу. Жанат бос уақытында достарымен бірге бассейнге барады. Аптасына 3 рет суда жүзіп жаттығады. Жанаттың командасы көктем мезгілінде суда жүзуден 1- орын алды, енді олар жаз мезгілінде жарысқа барады. Бос уақытында ол теледидардан жүзушілерді көргенді ұнатады.

Әлидің ең сүйікті хоббиі- бокcпен айналысу. Әли кішкентай кезінен боксқа қатысады. Оның жаттықтырушысы - әкесі. Олар бірге күнде жаттығады. Әли болашақта Геннадий Головкин сияқты әлем чемпионы болғысы келеді.

Арманның хоббиі өте қызықты. Ол шаңғы тебеді. Шаңғы- қыс мезгілінің спорты. Шаңғы зейінді арттырып, адамның шымыр болуына жақсы көмектеседі. Арманның шаңғы тебумен айналысқанына 2 жыл болды. Оған бұл спорт түрі қатты ұнайды.