a1 Менің бір күнім Менің бір күнім

Мәтін: Менің бір күнім

- Сәлем, Арман!
- Қайырлы күн, Жанар!
- Арман, сен таңертең сағат нешеде ұйқыдан тұрасың?
- Мен таңертең сағат сегізде ұйқыдан тұрамын.
- Таңғы асты нешеде ішесің?
- Таңғы асты сегіз жарымда ішемін.
- Сағат нешеде университетке барасың?
- Сағат тоғызға он минут қалғанда университетке барамын.
- Түскі асты нешеде ішесің?
- Түскі асымды сағат бірден он бес кеткенде ішемін.
- Тамаша! Бүгін сағат алтыда кешкі асты бірге ішсек болады ма?
- Иә, бүгін кешкі ас ішсек болады.
- Көріскенше!
- Көріскенше!